Sony Xperia E5 - Wi-Fi

background image

Wi-Fi

Интернетті шарлау,

қолданбаларды жүктеу немесе электрондық хабарларды жіберу немесе алу

үшін Wi-Fi желісін пайдаланыңыз. Wi-Fi желісіне қосылғаннан кейін құрылғы желіні есте сақтайды

ж

әне келесіде қосылу ауқымында болғанда құрылғыны автоматты түрде қосады.

Кейбір Wi-Fi желілері

қосылу мүмкін болуы үшін веб-бетке кіруді талап етеді. Қосымша ақпарат

алу

үшін тиісті Wi-Fi желі әкімшісіне хабарласыңыз.

Қолжетімді Wi-Fi желілері ашық немесе қорғалған болуы мүмкін:

Ашы

қ желілер Wi-Fi желі атауының жанында белгішесі арқылы көрсетіледі.

Қорғалған желілер Wi-Fi желі атауының жанында белгішесі арқылы көрсетіледі.

Кейбір Wi-Fi желілері өз атауларын жария етпейтіндіктен (SSID) қол жетімді желілер
тізімінде көрінбейді. Желі атауын білсеңіз, оны қол жетімді Wi-Fi желілерінің тізіміне
қолмен қосуға болады.

Wi-Fi функциясын қосу немесе өшіру үшін

1

Негізгі экран ішінде белгішесін т

үртіңіз.

2

Параметрлер > Wi-Fi тарма

ғын тауып, түртіңіз.

3

Wi-Fi функциясын

қосу немесе өшіру үшін слайдерді түртіңіз.

Wi-Fi қосылғанша бірнеше секунд кетуі мүмкін.

Wi-Fi желісіне автоматты түрде қосылу үшін

1

Негізгі экран ішінде белгішесін т

үртіңіз.

2

Параметрлер > Wi-Fi тарма

ғын тауып, түртіңіз.

3

Wi-Fi функциясын

қосу үшін слайдерді түртіңіз. Барлық қолжетімді Wi-Fi желілері

к

өрсетіледі.

4

Қосылу үшін Wi-Fi желісін түртіңіз. Қорғалған желілер үшін тиісті кілтсөзді енгізіңіз.

Қосылғаннан кейін күй жолағында көрсетіледі.

Жаңа қолжетімді желілерді іздеу үшін белгішесін түртіңіз, содан кейін Жаңарту пәрменін
түртіңіз. Егер Wi-Fi желісіне сәтті қосыла алмасаңыз, www.sonymobile.com/support/
ішіндегі құрылғыға арналған ақауларды жоюға қатысты кеңестерді қараңыз.

45

Б

ұл – жарияланымның Интернеттегі нұсқасы. © Тек жеке мақсатта пайдалану үшін басып шығарыңыз.

background image

Wi-Fi желісін қолмен қосу үшін

1

Негізгі экран ішінде белгішесін т

үртіңіз.

2

Параметрлер > Wi-Fi тарма

ғын тауып, түртіңіз.

3

> Желіні қосу тарма

ғын түртіңіз.

4

Желі атауы (SSID) а

қпаратын енгізіңіз.

5

Қауіпсіздік түрін таңдау үшін Қауіпсіздік өрісін түртіңіз.

6

Қажет болса, кілтсөзді енгізіңіз.

7

Прокси ж

әне IP параметрлері сияқты кейбір кеңейтілген опцияларды өңдеу үшін

Кеңейтілген опциялар

ұяшығына белгі қойып, қажетінше өңдеңіз.

8

Сақтау т

үймесін түртіңіз.

Желілік SSID атауы мен кілтсөзді алу үшін Wi-Fi желісінің әкімшісімен хабарласыңыз.

Wi-Fi сигнал күшін арттыру

Wi-Fi сигналын

қабылдауды жақсарту үшін орындауға болатын бірнеше әрекет бар:

Құрылғыны Wi-Fi кіру нүктесіне жақындатыңыз.

Wi-Fi кіру н

үктесін кез келген ықтимал бөгеттерден немесе кедергілерден алыстатыңыз.

Құрылғының Wi-Fi антенна аумағын (суреттегі бөлектелген аумақ) жаппаңыз.

Wi-Fi параметрлері

Wi-Fi желісіне

қосулы кезде немесе маңайда Wi-Fi желілері қол жетімді кезде осы желілердің

к

үйін көруге болады. Сондай-ақ, құрылғыда ашық Wi-Fi желісі анықталған сайын хабарлау

м

үмкіндігін қосуға болады.

Wi-Fi желі хабарландыруларын қосу үшін

1

Егер

әлі қосылмаған болса, Wi-Fi функциясын қосыңыз.

2

Негізгі экран ішінде белгішесін т

үртіңіз.

3

Параметрлер > Wi-Fi тарма

ғын тауып, түртіңіз.

4

> Кеңейтілген тарма

ғын түртіңіз.

5

Желі хабарландыруы жанында

ғы слайдерді оңға қарай сүйреңіз.

Қосылған Wi-Fi желісі туралы толық ақпаратты көру үшін

1

Негізгі экран ішінде белгішесін т

үртіңіз.

2

Параметрлер > Wi-Fi тарма

ғын тауып, түртіңіз.

3

Қазіргі уақытта қосылған Wi-Fi желісін түртіңіз. Желі туралы толық ақпарат көрсетіледі.

Құрылғының MAC мекенжайын табу үшін

1

Негізгі экран ішінде белгішесін т

үртіңіз.

2

Параметрлер > Wi-Fi тарма

ғын тауып, түртіңіз.

3

белгішесін т

үртіңіз. MAC мекенжайы тізімде көрсетіледі.